Жылу құбырлары жаңартылды
Теміртауда коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Биыл қалада Металлургтер даңғылы бойындағы 2-ықшамаудан арқылы өтетін ТМ-3 жылу магистралін қайта жаңарту аяқталады. Сонымен қатар Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында №2 жылу электр орталығынан шығатын негізгі жылу шығару желісін жаңарту басталды.Осылайша кезең-кезеңімен барлық жылу тарату жүйелері ауыстырылады.