Жаңа кірпіш зауыты ашылды
Осакаровка ауданында «Алтын Алқап Қарағанды» ЖШС-нің жаңа кірпіш зауыты іске қосылды. Кәсіпорынға салынған инвестиция көлемі 1 миллиард 820 миллион теңге. Зауыт толық қуатына шыққанда жылына 45 миллион данаға дейін керамикалық кірпіш өндіреді. Кәсіпорын жергілікті шикізатты пайдаланып, құрылыс саласын отандық өніммен қамтуға бағытталған.