Баспана мәселесі шешімін табуда
Приозерск қаласында 300-ден астам адам баспана кезегінде тұр. Аталған мәселені шешу мақсатында шаһарда бос тұрған нысандардың бірі жөндеуден өтіп, биыл 10-нан астам жанұяға жаңа пәтердің кілті берілмек. Одан бөлек, екі көшеге бұрын-соңды болмаған кәріз желілері тартылуда.