Өңірдің энергетикалық әлеуеті артады
Қарағанды облысының энергетикалық инфрақұрылымы жаңғыртылуда. Бұл "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасының жемісі. Мәселен, Саран қаласында өнеркәсіптік аймақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін резеңке техникалық бұйымдары қосалқы станциясы жаңаланды. Жоба нысанның қуатын әрі энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға және өңірді одан әрі дамыту үшін резерв құруға мүмкіндік береді.