125 түп қарасора тәркіленді
Теміртауда 19 жастағы тұрғын үйінің ауласында қарасора есірткі өсімдігін өсірген. Полицейлер арнайы жабдықталған жылыжайдан жүзден астам түп анықтаған. Енді күдіктіге екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.