Майталман металлургтер марапатталды
Балқаш қаласы үшін Металлург күні – ең маңызды кәсіби мерекелердің бірі.Бүгінде бұл салада қаланың алты мыңнан астам тұрғыны еңбек етеді. Олардың көпшілігі отбасылық еңбек дәстүрін жалғастырып келеді. Мерейлі мереке қарсаңында мысты шаһардағы үздік металлургтер марапатталды.