Техниканың тілін тапқан оқушы
Қарқаралы ауданында мектеп оқушысы тұрмыстық техниканы жөндеп, халықтың қажетін өтеп жүр. 14 жастағы Ерлан Нұрғалиев тіпті қаладағы кәсіби шеберлердің тісі батпаған күрделі құрылғыларды еш қиындықсыз іске қосады. Бір қызығы, ол өз еңбегін пұлдамайды. Басты мақсаты — табыс табу емес, тәжірибе жинау.