Ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті
Жаңа Конституцияда отбасы институтын нығайтуға арналған ауқымды заңнамалық өзгеріс бар. Ата заңда ол ұрпақ пен ата-ана арасындағы рухани байланысты күшейтуге негізделген маңызды қағида. Қарқаралы ауданында өткен облыстық ардагерлер кеңесінің көшпелі семинарында дәл осы тақырып талқыланып, ұсыныстар айтылды.