Қауіпсіз қозғалыс - бала қауіпсіздігінің кепілі
Қарағандыдағы орталық саябақта «Қауіпсіз драйв» іс-шарасы өтті. Бұл балалардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Жасөспірімдер велосипед пен самокатты қауіпсіз басқару ережелерін меңгеріп, тәжірибелік жаттығулар орындады.