Жануарларға қамқорлық
Қарағандыда қаңғыбас жануарларға арналған уақытша ұстау пункті үшінші маусым қатарынан жұмыс істеп келеді. Мұнда иттерге стерилизация жасалып, вакцина салынады. Чип қойылып, оларға жаңа иесін табуға көмек көрсетіледі. Маусым басталғалы бағдарлама арқылы 150-ден астам жануар қамтылған.