Су айдындарындағы қауіпсіздік күшейтілді
Қарағандыда құтқарушылар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Жазғы маусымда су айдындарында демалушылар саны артып, қауіпсіздік талаптарын сақтамау фактісі жиілеген. Тұрақты профилактикалық жұмыстарға қарамастан, шомылу маусымы басталғалы өңірде үш адам суға кету дерегі тіркелді. Олардың екеуі кәмелетке толмағандар.