Өңірдің даму бағыттары айқындалды
Қарағанды облыстық мәслихатының XXXV сессиясында өңірдің дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Халық қалаулылары өткен жылғы облыстың даму жоспары мен бюджеттің орындалу қорытындыларын шығарды. Экономика, спорт және әкімшілік-аумақтық құрылымның келешегін талқылады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға арналған ұсынымдар әзірледі.