Сүт өнімдерінің көлемі артып келеді
Бұқар жырау ауданында мемлекеттік қолдауға ие болған 20 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді. Үштөбе ауылында сүт өңдеу цехы іске қосылып, бір жылдың ішінде өндіріс көлемін айтарлықтай арттырды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев фермерлермен кездесіп, кәсіпорынның қызметімен танысты.