Есірткі – қоғам дерті
Дәрігерлердің сөзінше, Қарағанды облысында жасөспірімдердің есірткі қолдануы 11 жастан басталады. Соңғы жылдары марихуананың орнына мефедрон, альфа-PVP секілді синтетикалық есірткілер кеңінен таралып келеді. Мамандар мұндай заттардың аса қауіпті екенін айтып дабыл қағуда. Өкінішке қарай, көптеген ата-ана баласының есірткіге әуестенгенін кеш біліп жатады.