Жас суретшілер сайысы өтті
Қарағандыда қоршаған ортаны қорғау тақырыбына арналған балалар суреттері байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған шығармашылық сайысқа балалар үйінің тәрбиенушілері қатысты. Байқауға табиғатты қорғау тақырыбында 30-дан астам плакат ұсынылды.