Ағаш кесу салдары қоғамдық дау тудыруда
Қарағандыда құрылыс компаниясы рұқсатсыз 140-тан астам ағаш кескен. Жоғарғы сот компанияға 17 миллион теңге айыппұл салып, Алаш саябағында 7 мың көшет егу міндетін жүктеген. Қаржылық бөлігі орындалғанымен, ағаш отырғызу жұмысы әлі жүзеге аспаған. Мәселеге байланысты әкімдік пен компания өкілдері сотта қайта жүздесті.