Экологиялық жобалар жалғасуда
Теміртауда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық жобалар жалғасуда. Қалалық жағажайда өткен «Таза ойындар» акциясына жүздеген тұрғын қатысып, аумақты қоқыстан тазартуға атсалысты. Сонымен қатар қалада пайдаланылған шиналар мен мотор майларын қайта өңдеу жұмыстары күшейтілуде