Қарағанды облысы Германиямен ынтымақтастықты нығайтуда. Былтыр өңірдің Федеративтік республикамен сыртқы сауда айналымы 146 миллион доллардан асты.Аймақта ондаған бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Білім беру және гуманитарлық жобалар дамуда. Өңірге Германия Федеративтік Республикасының қоныс аударушылар және аз ұлттар мәселелері жөніндегі Федералдық үкімет уәкілі доктор Бернд Фабрициус бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.