Қарағандыда табиғи өртің алдын алу шаралары күшейтілді. Енді орман мен дала алқаптарындағы жағдай әуеден бақыланады. Өрт ошақтарын дер кезінде анықтау үшін құтқарушылар дрондарды қолдануда. Аппараттық жиында өңірдегі өрттің алдын алу және төтенше жағдайларға дайындық мәселелері талқыланды.