Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында КСРО және Азия жарыстарның жеңімпазы, самбо күресінен спорт шебері Абдахмет Қалжановты еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнир өтті. Дәстүрлі түрде өтетін бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жасөспірімдер жиналды. Дүбірлі доданы аудан әкімдігі ұйымдастырды.