Ғалымдар шамамен екі мың жылдық тарихы бар ежелгі Қарақабақ қалашығын зерттеуді жалғастырып жатыр. Ежелгі дәуірде бұл жер өңірдегі маңызды сауда және қолөнер орталықтарының бірі болған.


Зерттеу барысында мұнда тиындар, мөрлер, қыш бұйымдар және басқа да артефактілер табылды. Бұл олжалар қазіргі Маңғыстау аумағы арқылы ірі халықаралық сауда жолдары өткенін көрсетеді.


– Қалашық Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағының бір бөлігі болып, Каспий маңы өңіріндегі елдерді байланыстырған, – дейді археологтар.


📌 Рим, Қытай және Парсымен байланыс


Ең қызығы, Қарақабақтан ежелгі порттың, шеберханалардың және теңіз саудасының іздері анықталған. Зерттеушілердің мәліметінше, табылған артефактілер өңірдің Византия, Парсы, Үндістан, Рим және Қытаймен байланыста болғанын дәлелдейді. Бұл Маңғыстау аумағында біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында-ақ қалалық мәдениет пен экономиканың жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.


Енді жергілікті билік қалашық аумағында ашық аспан астындағы музей, ғылыми-археологиялық база құрып, туристік маршруттар жүргізуді жоспарлап отыр.