Ұлытау облысына қарасты Жаңаарқа ауданында теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселесі алаңдаушылық тудырып отыр. Биыл малдың шойын жолға шығу салдарынан пойыздар 20 мәрте шұғыл тежеу дерегі тіркелген. Мамандар мұндай оқиғалар қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қауіп екенін айтады.