Қарағандыда «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Үлгілі жүргізуші» профилактикалық акциясы өтті. Іс-шара жол қозғалысы ережелерін сақтау мен жүргізушілер мәдениетін арттыруға бағытталған. Игі бастама Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы прокуратурасы Қарағанды облысы Полиция департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.