Қарағандыда «Тұран өлке атаулары - сыр шертеді» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды. Жиын барысында өлкетанушы Темірғали Аршабеков туған жердің терең тарихына үңіліп, өзінің зерттеу еңбектерінен сыр шертті. Танымдық бас қосуға келген көпшілік ел жадында сақталуға тиіс құнды деректермен танысты.