Жыл басынан бері Қарағандыда балалардың терезеден құлауының 5 дерегі тіркелді. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында республика көлемінде «Терезе – SAFE» акциясы бастау алды. Аталған шараның негізгі мақсаты — ата-аналардың жауапкершілігін арттырып, тұрғын үйлердегі терезе қауіпсіздігін қамтамасыз ету.