Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті базасында «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті. Білім бәйгесіне өңірлерден келген жоғары оқу орындарының 2–4 курс студенттері қатысты. Жалпы саны 6 университеттің командалары бақ сынап, өз білімдерін көрсетті.