Экология министрлігінің мәліметінше, Қарағанды облысы заңсыз қоқыс төгетін орындардың саны бойынша елімізде алғашқы үштікке енді. Бұл тізімде кеншілер өңірімен қатар Астана қаласы мен Ақмола облысы да көш бастап тұр. Егер 2020 жылы еліміз бойынша 8 мыңнан астам қоқыс төгетін орын болса, 2025 жылға қарай екі есеге жуық азайды. Бұл "Таза Қазақстан" жобасынның жемісі.