Қарағанды облысында өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Соңғы үш айда өңірде 1,3 триллион теңгелік өнім өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға жоғары. Қазір негізгі өсім көзі - кен өндіру емес, қайта өңдеу секторы. 44 инвестициялық жобаның 14-і дәл осы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.