Осакаровка ауданындағы «Бұйратау» ұлттық паркінде мекендейтін бизондар туристердің ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Сирек кездесетін жануарларды көруге келетін қонақтар саны соңғы уақытта айтарлықтай артқан. Бизондар Арқаның қатал климаттық жағдайына бейімделіп, табиғи ортада еркін тіршілік етуде.