Қызылордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен V Ұлттық құрылтай өтті. Мемлекет басшысы Сыр өңірінде ауқымды өзгерістерге тоқталды. Атап айтқанда, елімізде Қазақстанның халық кеңесі құрылып, вице-президент лауазымы енеді. Сондай-ақ, Президент Жаңа Парламентті «Құрылтай» деп атауды ұсынды.