Сапалы өнімі әлемдік нарықта мойындалған «Қазақмыс» компаниясының кен байыту кешендерінің жұмысы алға басуда. Кәсіпорынға қарасты Нұрқазған байыту фабрикасында замануи ұсақтау цехы мен реагенттерді сақтау қоймасы жаңадан бой көтерген. Озық технологияға ден қойған еңбек ұжымында қауіпсіздікке басымдық берілген.