Өндіріс өлкесіне айналған Қарағанды облысында тек он айдың өзінде өңдеу саласының үлесі 6,2 пайызға өсті. Өңірде көмір мен металлургия саласынан бөлек, тізіп айтар өнеркәсіп тізімі де кеңейген. Мәселен, биыл 25 инвестициялық жоба іске қосылып, 4 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды.