Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы - ұлт байлығы» атты облыстық байқау өтті. Шара «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен Бұқар жырау ауданының білім бөлімі және «Руханият» қосымша білім беру орталығы ұйымдастырумен жүзеге асты.