Қарағандылық «Саз» этно-фьюжн ансамблі Астанада өткен «Шабыт» фестивалінен жүлдемен оралды. Ұлттық аспапта танымал шығармаларды орындап, көрерменді тәнті етті. Өнерпаздарды кеншілер мәдениет сарайында құрметпен қарсы алды. Ансамбль мүшелері сайыста өткен қызықты сәттерімен,алған әсерімен бөлісті.