Қарағандыда BINOM SCHOOL үлгісіндегі мектептер салынуы мүмкін. Олар үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің орнын басуы тиіс. Құрылыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвестор тарту арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл мәселе «AMANAT» партиясы фракциясының облыстық мәслихаттағы қорытынды отырысында айтылды. Күн тәртібінің негізгі тақырыбы – «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы жол картасының орындалуы және өңір экономикасындағы түйткілді мәселелер.