Қарағанды облысында «Құқықтық тәртіп әліппесі» жаңа жобасы басталды. Шара құқықтық мәдениетті арттыруға және полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Белсенділер, қоғамдық ұйым өкілдері, депутаттар мен студенттер бір күнін құқық қорғау саласының мамандарымен бірге өткізді.