Шырайлы шаһар туризммен кәсіпкерлікті дамытуға өте қолайлы. Соңғы жылдармен салыстырғанда Приозерск қаласының жанындағы Балқаш көлінің жағалауына келетін туристер саны 30 пайызға артты.Саяхатшыларға қоғамдық тамақтанатын орындар мен қонақ үйлер сапалы қызмет көрсетеді. Өңірге өң берген өміршең жобалар жайлы әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы біліп қайтты.