Жаңа оқу жылында Қарағанды облысының 402 мектебі 175 мыңнан астам оқушыны қабылдауға дайын. Оның 15 мыңы бірінші сыныпқа барады. Оқушылар үшін оқу орындары мен оқулықтар жиынтығы қамтамасыз етілген. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен аппараттық кеңесте айтылды.