Қарағанды зерттеу университеті ресми түрде ұлттық мәртебеге ие болды. Іс-шара ЖОО-ның бірінші ректоры, көрнекті ғалым және педагог Евней Арыстанұлы Бөкетовтың 100 жылдығымен тұспа-тұс келді. Қарағандылықтарды осы жетістікпен ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтады.