Қоғам мен ғарыштық түсірілімдер заңсыз қоқыс төгетін орындармен күресуге көмектесуде. Қарағанды облысының экология департаменті ағымдағы жылдың қорытындысын жариялады. Брифингте ластаушы заттардың көлемі, табиғатты қорғау шараларының орындалуы және экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылды.