Қарағандылық спортшы Темірлан Есенгелді аралас жекпе-жек – ММА спортынан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Дүбірлі дода маусым айының 16-сы мен 22-сі аралығында Бразилияның Сан-Пауло қаласында өтті. Бұл – ГАММА ұйымы ұйымдастыратын ең беделді әлемдік турнирлердің бірі.