Шаң басқан көкөністер,күйе қонған жеміс-жидектер. Қарағанды облысындағы Михаилов елді мекенінде орналасқан төрт бау-бақша кооперативінің 500-ге жуық иесі биыл өнімсіз қалудан қауіптенеді. Оған себеп-асфальт-бетон зауыты. Қалың түтін мен иіс бағбандардың мазасын алуда. Тұрғындар өндіріс орнын елді мекеннен алыстатуды талап етеді. Мәселенің мән-жайын әріптесім біліп қайтты.