Қарағанды қаласы, Михайлов ауданындағы Нығмет Нұрмақов атындағы көше қайраткердің атына сай емес. Бұл Алаш арысының жақындарының шағымы. Ұрпағы оның есімі көрінетін, кең әрі жарық көшеде ұлықталса деген тілегі бар. Мәселенің мән-жайын әріптесім біліп қайтты.