Күні кеше Қарағандыда Магнитогорская көшесінде жаяу жүргіншілер өткелінде жол-көлік оқиғасы орын алды. BMW көлігінің жүргізушісі әйел мен 4 жасар баласын қағып кетті. 33 жастағы әйел мен қызы ауруханаға жеткізілді. Қарағанды облысы полиция Департаментінің мәліметінше, жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Оқиғаға байланысты сараптамалар тағайындалып, процессуалдық шешім қабылданбақ.