«Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ
Есіңізде болсын, уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады!!!

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде келесі су айдындарында балық аулауға тыйым салынады:
- Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындары бойынша (Балқаш көлін қоспағанда Ұлытау облысы және Қарағанды облысы әкімшілік шекарасының шегіндегі):
көксерке – 20 сәуірден 20 мамырға дейін;
сазан (тұқы) – 1 мамырдан 30 маусымға дейін.
- бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде торта, табан, алабұға, мөңке және шортан балық түрлерін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, барлық су тораптарын (су қоймаларын) қоса алғанда, Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың барлық ұзындығы бойынша:
15 сәуірден 30 мамырға дейін 2025 жылға айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңгені құрайды!
Уылдырық шашу кезеңінде балық аулағаны үшін
әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ҚР ӘҚБтК 383-бабы):
• Жеке тұлғалар – 10 АЕК (39 320 тг) 383 б. 1 б. (Балық аулау қағидаларын бұзу- тыйым салынған орындарда, тыйым салынған мерзімдерде, рұқсат беру құжаттарынсыз әуесқойлық (спорттық) балық аулау)
• Жеке тұлғалар – 20 АЕК (78 640 тг) 383 б. 3 б. (Балық аулау қағидаларын өрескел бұзу – тыйым салынған балық аулау құралдарымен балық аулау)
Елеулі залал келтірумен қылмыстық жауапкершілік көзделген (ҚР ҚК 335-бабы):
• Жеке тұлғалар – 6000 АЕК (23 592 000 тг) не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен
• Браконьерлік фактілері анықталған жағдайда «ҚР АШМ БШК Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ
Қарағанды облысы бойынша – 8(7212)90-81-15, 8(705)5964699
Ұлытау облысы бойынша – 8(777)5108282
телефондары арқылы хабарласу қажет
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ
Біздің мекен-жай: Қарағанды қаласы, Костенко көшесі 6, 3 қабат