Наурыз мерекесіне орай өңірде 230 киіз үй тігіледі. Оның 40-тан астамы Қарағандының көшелерінде болады. «Наурызнама» онкүндігі аясында облыс бойынша мыңнан астам іс-шара жоспарланған. 14 наурызда басталған мерекелік бағдарламалар 25 наурызға дейін жалғасады.