Қарағанды қаласында InDriver қызметінің такси жүргізушісіне шабуыл жасалды. Оқиға тапсырысты орындау барысында орын алған. Төрт ер адам “толық салон” қызметін пайдаланып, Астанадан Қарағандыға дейін жеткен. Алайда жолақысын төлеу уақыты келгенде, жолаушылар жүргізушімен жанжал шығарып, оны соққыға жыққан. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен.