Қарағанды облысында соңғы екі жылда қант диабетімен ауыратындар 19 пайызға көбейген.Жыл сайын 3000 тұрғын осы дертке шалдығады. Сондықтан алдын алу шаралары күшейтілді. Сусамыр асқынып кетсе, қан тамырлары семіп, адамның мүгедек болып қалуы мүмкін.Соған жеткізбес үшін, облыс орталығында «диабеттік табан орталығы» ашылды. Онда профилактикалық ем-дом жасалады.