Қарағанды облысында волейболшылар ауылы бар. Әр отбасында бір адам осы спорт түріне әуес. Қарқаралы ауданы бойынша Нұркен ауылы волейбол спортының ұстаханасы атанып кеткен. Допты жанына серік еткен ауыл жұртымен әріптесім Гүлбақша Беркінқызы танысып қайтты.