Орталық саябақтың аумағында жергілікті тазарту құрылғылары салынады.Олар жақын жердегі көлдерді таза сумен толтыру үшін аса қажет. Қазір Қарағандыда үлкен Бұқпа өзенінің арнасын санациялау жобасын іске асыру жалғасуда. Осы бастама жөнінде облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев көшпелі кеңес өткізді.